Жұмыссыз жастардың саны көбейген
Жұмыссыз жастардың саны көбейген
139
оқылды

Елімізде жұмыссыз жастардың саны 3,4 процентке өсті, – деп хабарлайды Ranking.kz.

Былтыр ІІІ тоқсанда Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 2,1 миллион жас жұмыспен қамтылған.

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3,8 процентке көп. 

15 пен 28 жас аралығындағылардың жұмыспен қамтуда Алматы облысы көш бастап келеді, яғни 278,1 мың адам.

Одан кейін Алматы қаласы – 258,1 мың, Жамбыл облысы – 199,6 мың адам. 

Жастар көбіне сауда-саттық және көлік жөндеу саласында қызмет етеді – 388,7 мың адам.

Сонымен қатар, жастар арасында кеңінен таралған мамандықтарға ауыл, орман және балық шаруашылығы, білім саласы жатады. 

Ең жоғары сұраныстағы салаларға мемлекеттік басқару мен қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (152 мың) мен өңдеу өнеркәсібі (149,6 мың) жатады. 

Ал 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны – 84,7 мың. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда көп (81,9 адам).

2018 жылы жұмыссыз жастардың саны 3,9 пайызға, 2019 жылы 3,8 пайызға азайған.  Айта кетейік, қалалық өңірдегі жұмыссыз жастардың саны 4,2 пайыздан 4,3 пайызға ұлғайса, ал ауылдық жерлерде керісінше 3,4 пайыздан 3,2 пайызға азайған.