Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Киевте біздің елшілік қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасының болғанын растаймыз. Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша тәртіптік жазалау шаралары қолданылатынын хабарлаймыз. Біз жол ережесін бұзу туралы хаттаманы күтіп отырмыз», – деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.
