Әблязовтың сыбайласы сотталды
Әблязовтың сыбайласы сотталды
186
оқылды

Ол оффшорлық компания арқылы миллиардтаған қаржыны заңсыз шетелге шығарды деген күдікке ілініп отыр.

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотталып жатыр, – деп хабарлайды EU Reporter басылымы.

Александр Удовенко Вашингтон қаласының маңында ұсталғаны айтылған. Ресейлік кәсіпкер 2009 жылы Лондоннан қашып кеткен.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Удовенко Лондонда Әблязов мүддесін қорғап, оффшорлық компания арқылы «БТА Банкінен» миллиардтаған қаржыны жеке есепшоттарға аударуға көмектескен. Кейін ресейлік кәсіпкер АҚШ-қа қоныс аударып, Бетесда елдімекенінде «инвестициялық кеңесші» болып қызмет етіпті.

Басылым Александр Удовенконы «Мұхтар Әблязовтың басты серіктесі» болған деп хабарлайды.

Айта кетейік, Қазақстанда қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2018 жылдың наурызында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы (ДВК)* экстремистік ұйым болып танылды.

Ал 2018 жылдың 27 қарашасында Әблязов банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды.