Шымкентте бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүршік жарды
Шымкентте бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүршік жарды
303
оқылды
Шымкентте көктем мезгілі қыс аяқталмай жатып, ерте түсті. Ауа райының күрт жылынуынан қалада өрік ағашы бүршік жарып, қызғалдақ, бәйшешектер гүлдей бастады. Осыдан бірер күн бұрын оңтүстік өңірде ауа температурасы +25 градусқа дейін жетті. Тұрғындар қыстық киімдерін тастап, жазға қарай бет бұра бастады. Күн райының бұлайша құбылуын синоптиктер жақсылыққа жорымайды. Себебі жылымықтың соңы суық циклонға ұласуы мүмкін. Ал бірден суық ұрса жеміс ағаштары оған шыдамайды дейді сала мамандары. Ал Шымкентте алдағы бірер күнде нөсер жаңбыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін.
"Мысалы, көктің шығып одан кейін артынан қатты суық ұрып кетсе олар зақымданады әрине. Үсік шалады қатты суық болса. Негізі Шымкенттің климатына келетін болсақ, енді аса қатты суық бола қоймайды. Біздің климатымыз солтүстікке, шығысқа қарағанда жылы ауа айы" – дейді А.Асқаров атындағы дендросаябақтың ғылыми бөлімінің жетекшісі Ақнұр Шүлебаева.