Әнші Сәкен Майғазиев әріптесі Мақсат Базарбайды туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде «МузАРТ» тобының бұрынғы әншісін 50 жасымен құттықтап, тілегін жеткізді. Ол екеуіне қатысты түрлі әңгіме айтылса да, бір-біріне деген сыйластығын сақтап қалғанын айтты.
«Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің касымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, әншілердің достығы мәңгі болуын тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
