800 мың теңгелік телефонын тартып алған
800 мың теңгелік телефонын тартып алған
91
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлдебіреу 51 жастағы тұрғынды ұрып, оған 800 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтіргенін хабарлады.

Департамент мәліметіне сүйенсек, ақпан айының басында «102» нөміріне 51 жастағы ер адамның қоңырау шалып, оны қала көшелерінің қиылысында белгісіз біреудің ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғанын мәлімдеген. Семей тұрғыны 800 мың теңгелік те­­­лефонын қолды қылған. Жауапты орган жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, полиция қызметкерлері Бородулиха ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті бар кінәсін мойынды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

А.АЙДАРҚЫЗЫ