Елордада үй қызметшісі пәтер иесін тонап кеткен
Елордада үй қызметшісі пәтер иесін тонап кеткен
184
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында үй қызметшісі пәтер қожайынын тонап кеткен. Бұл жайында қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияға пәтерінен қаражаттың ұрланғанын хабарлаған қала тұрғыны арыз түсірген. Ол  үйінде жұмыс істеген қызметші әйелден күдіктенген.

45 жастағы әйел ақпан айының басынан бастап осы үйде жұмыс істеген. Бастапқыда жұмыс берушілер тарапынан шағым болмаған. Ақпан айының ортасында ол үй иелерінің үйде болмағанын пайдаланып, шкафтан ақша ұрлаған. Ұрланған қаражат сомасы - 300 мың теңге.

Пәтер иесі ақшаның жоғалғанын байқамаған. Сол уақытқа дейін әйел үйде жұмыс істеп жүре берген. Полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен әйелді ұстаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.