Түркістан облысында ер адамның көлігінен бір келі есірткі табылды
Түркістан облысында ер адамның көлігінен бір келі есірткі табылды
150
оқылды

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның үлкен көлемде есірткі сақтайтыны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полицейлері «Ниссан Премьера» автокөлігін тоқтатты.
Көлік иесін тінтуде автокөлік капотының ішінен қапшыққа салынған хош иісті зат табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіге жуық марихуана болып шықты. Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда.