NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін жариялады
NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін жариялады
144
оқылды

NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады.

Кадрлардың бірінде Қызыл планетаның беті түсірілген, ал екіншісінде оның көкжиегі көрінеді. Үшінші кадрда ровердің өзі.  Суреттерді 19 ақпанға қараған түні Марсқа қонған NASA's Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген. [caption id="attachment_112957" align="alignnone" width="800"]марс ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Perseverance құрылғысы 18 ақпанда Марста Езеро (Jezero) маңына қонды. Негізі Mars 2020-ның ровермен миссиясы былтыр шілдеде жерден басталған. NASA тарихындағы бесінші ровер Қызыл планетаның құрылымы мен геологиясын зерттеуге арналған жеті ғылыми құралмен жабдықталған. Бұл зерттеудің негізгі міндеті – Марс топырағының үлгілерін алу, ол болашақта жерге жеткізілуі мүмкін. Perseverance бортында Марс атмосферасынан оттегі алуға арналған эксперимент құрылғы бар.