Шахматтағы жаңа рекорд
Шахматтағы жаңа рекорд
177
оқылды

Биыл Шахмат жылы деп жарияланған болатын. Соған орай, Алматыда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чем­пио­наты басталды.

Жарыстың ерекшелігі қатысу­шы­­лар 6 түрлі жас мөлшері бо­йын­­­ша өзара мықтыны анықтай­ды.

Шахматшылар 2 миллион тең­ге жүлде қоры үшін жарысады.

Қазақстан Шахмат федера­ция­сының вице-президенті Еркин Исраиловтың пікірінше, еліміздегі ең ауқымды жарыстың жастарға берері мол.

– 18 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионаты – Қазақстандағы ең ірі шахмат жарысы. 860 ойыншы шаршы тақтада чемпион болу үшін бақ сынайды. Биылғы жарысқа қатысушылардың көптігімен қатар, кілең мықтылардың ойы­нымен де ерекшеленеді. Кез келген спортшы жарысқа қатыс­қан­да жеңімпаз болсам деп талап­та­нады. Бірақ бағы мен бабы қатар келіскендер ғана жеңімпаз атанары анық. Шахматтың сырын 100 пайыз меңгердім деген мық­ты­лардың өзі ойында ұтылып қал­ғанын байқамай қалады. Жасөс­пірімдер арасындағы жарыс­тың жеңімпазына Әлем чемпионатына жолдама береміз, – деді вице-президент.

Ақшалай сыйлықтар мен медальдар әрбір жас сана­ты бо­йын­­ша жеке-жеке класси­ка­­лық, жыл­дам және блиц шах­мат­­тан ал­ғашқы үш орынға бөлі­неді. Со­ның ішінде классика жеңім­паз­дары халықаралық чем­пио­нат­тарға жолдама алады.

Қазақстан Шахмат феде­ра­­циясының атқарушы дирек­торы Ирина Грищенко Әлем чем­пио­натына қатысуға үміткерлерді анық­тау да оңай емес екенін айтты.

– Классикалық шахматтан 8-18 жас санатындағы турнир жеңімпаздары 2020 жылғы Әлем чемпионатына жолдама ала­ды. Ал күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына қатысуға мүм­кіндігі бар. Сондықтан жеңім­паз­дарды төрешілер анықтайды. Маған биыл чемпионатқа қатысу­шы­лардың ынта-ықыласы, ерік-жігері мықты болғандығы қуант­ты, – деді Ирина Грищенко.

Ұлдар мен қыздар класси­калық, жылдам және блиц ойын­да­рында швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат 17 қаңтарға дейін жалғасады.


Майра БАҚЫТ