СҚО-да 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды
СҚО-да 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды
114
оқылды

Петропавлдан 70 шақырым жерде 15 тонна дән тиелген жүк көлігі аударылды.  Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Есіл ауданында Чириковка ауылының маңында «Volvo» жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қажет болды. Ол Тимирязев ауылына 15 тонна дән тасымалдап бара жатқанда жыраға түсіп, аударылған. Түнде оған ешкім жете алмаған. 19 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап «Қазақавтожол» ЖШС техникасы жол тазалауға шығып, полицейлер тасжолды тексеруге шыққанда табылған.

«Volvo жүргізушісіне көмектесу үшін олар «Агрофирма Сельская» ЖШС директоры Серік Женапиновқа хабарласқан. Ол қажетті техникамен көмектескен. Содан тәртіп сақшылары тасымалдаушы жіберген екінші жүк көлігіне тұқымды қайта тиеген. Артынан Volvo жолға шықты»,  – делінген хабарламада.