Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі көрсетіліп жатыр.
Фильм – қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Бозбала Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралады. Онда бәрі өзгеріпті. Өйткені қаланы өзінің қатал ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады екен. Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен мүлдем жоғалып, жолынан адасқан. Ал Кермек өзі қылмысқа белшесінен батқан...
«Кинотеатр өкілі бізді құттықтады. Көрсетілім жергілікті көрермендердің қызығушылығын оятты. Барлық билет сатылды. Келген жұрттың бәріне рақмет», – дейді Қазақстан-Люксембург достық ұйымының белсендісі Нұргүл Тұрсын.