Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды
Байқоңырда жоғалған бір баланың денесі табылды
171
оқылды

Байқоңырда жоғалған ұлдардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді.

"Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу операциясы қалай жүріп жатқанын Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазір құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымынан ахуалды бақылауды сұраймыз және расталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз",–деп жазды ол.

Бүгінгі күні жоғалған балаларды іздеуге РФ ІІІБ, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлері және 80 ерікті азамат жұмылдырылды. Қызылорда қаласынан сүңгуірлер көмекке барды. Сонымен қатар Қызылорда қаласынан құрамында 7 адам, 1 кинолог, 1 бірлік техникасы бар іздестіру тобы Байқоңырға аттанды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова іздеу жұмыстарын бақылау мақсатында Байқоңыр қаласында оқиға орнында жүр. Аталған мәселе аймақ басшысының тікелей назарында.

Н.АЛПЫСБАЙ,

Қызылорда облысы