Прокуратураның мәліметінше, «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел тергеу тобы құрылды. Жарылысқа не себеп болғанын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокурорының бақылауында болады» делінген ресми хабарламада.
Кеше Петропавлда көпқабаттың үйде жарылыс болып, екі адам қайтыс болды. Тұрғындар уақытша мектепке көшірілді. Зардап шеккен тұрғындар ауруханаларда ем алып жатыр.