Байқоңырда жоғалған жеті жастағы баланы іздеу қайта жалғасады
Байқоңырда жоғалған жеті жастағы баланы іздеу қайта жалғасады
240
оқылды

Бұл туралы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Кеше іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Құтқарушыларымыз су және кинологиялық есеп бойынша іздеу жұмысын жалғастырады. Екінші бала әлі табылған жоқ», – дейді құтқарушылар.

Бұған дейін екі баланың бірі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Биыл 20 ақпанда Байқоңырдағы «Маяк» спорт кешенінен жаттығудан шыққан жеті жастағы екі бала жоғалып кетті.

Ресейдің тергеу комитеті екі баланың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Балаларды екі елдің құтқарушылары іздестіріп жатыр.