Жыл басынан бері 133 мың мигрант өз еркімен Қазақстаннан кетті. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, карантин кезінде Қазақстанда мыңдаған шетел азаматы шекарадан шыға алмай қалды.
Полицейлер 133 мың заңсыз мигрантқа Қазақстаннан шығып кетуіне көмектесті. Төлқұжатының жарамдылық мерзімі өткен 675 шетелдікке қайту туралы арнайы уақытша куәлік берді.
Сондай-ақ ІІМ-нің мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланған 582 жұмыс берушіні жауапқа тартты. Заңсыз көші-қон бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді.