Зейнетке шығу жасы азаяды
Зейнетке шығу жасы азаяды
102
оқылды

Билік зейнеткерлік жасты ұлғайтпайтын болды, – деп жазады 24.kz.

Франция билігі халықтың көп наразылығын туғызған зейнеткерлік жасты 62-ден 64-ке ұлғайтудан бас тартуға дайын.

Бұл жайында премьер-министр Эдуард Филипп кәсіподақтарға жолдаған хатта мәлім етті.

Үкімет басшысы мәселені жан-жақты қарастыру үшін кәсіподақ өкілдерінен тұратын кеңес құруды ұсынды.

Еске сала кетейік, Францияда өткен желтоқсан айынан бері үкіметтің зейнеткерлік реформасына қарсы ереуіл өтіп жатыр.

Наразылық акциясының салдарынан қоғамдық көліктің жұмысы бұзылған. Осы уақыт аралығында Париж бен өзге де қалаларда ірі шеру өтіп, полициямен қақтығыстар болды.