«Birgemiz» қоры өрттің салдарынан 5 баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетті
«Birgemiz» қоры өрттің салдарынан 5 баласынан айырылған отбасыға көмек көрсетті
146
оқылды
«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
«Қор атынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл балалардың ата-анасы мен бәріміз үшін орны толмас қайғы. Әбдімәліковтер отбасының қайғысына ортақтаса отырып, біз материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық», - деп атап өтті Қор төрағасы Руслан Сакеев.
Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz» қоры өткен жылдың наурыз айында Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын. Қор жұмысы барысында 655 мыңнан астам мұқтаж отбасыға (2,2 млн. адам), 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне біржолғы төлем түрінде көмек көрсетілді. 100 мың отбасыға 5 млн. медициналық маска тегін таратылды. Сондай-ақ Қор қаражатынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 32 үй салынды.