Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
92
оқылды
Нұр-Сұлтанның ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.  
"Тергеушілер 12 ақпанда үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуға қатысты ұсыныс жасады. Сот үйқамақта ұстау мерзімін наурыздың соңына дейін ұзартты",  - деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Сондай-ақ адвокат Мемлекет басшысынан "Біртановты заңсыз қудалауды тексеруін" сұрап, өтініш жазғанын айтты. Елжан Біртановқа 2020 жылдың 3 қарашасында аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылып, қамауға алынған болатын