Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр
Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр
94
оқылды
Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адам жатыр, - деп хабарлады өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы. 
«Облыстық көпбейінді ауруханаға аталған жарылыстан зардап шеккен 12 адам келіп түсті. Олардың бірі – 24 жастағы ер адам қайтыс болды. 20 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр. Алты адам үйіне жіберілді. Қалғандары ауруханада ем қабылдауда. Тағы бір 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр. 1997 жылғы екі ер адам жансақтау бөлімінде жатыр», - деді басқарма қызметкерлері.
Еске салайық, Петропавлдағы көпқабатты үйде болған жарылыстан екі адам қайтыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша, үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ баллоны жарылып, тұрғын үй ғимараты өртенген. 120 адам эвакуацияланды.