Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны өз қалауымен қашан салдыра алатынын айтты.
«1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакциналау басталды. Бүгінге дейін 2 008 медицина қызметкеріне вакцина егілді. Екінші кезеңде – педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері вакцина алады. Одан кейін сәуір айында – студенттер тұр. Ал өз қалауымен вакцина салдырғысы келетін қала тұрғындары мамыр айында екпе ала алады», - деді С. Бейсенова брифингте.
Бұған дейін елордада карантин жеңілдетілуі мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.