Жаңатаста бес баласынан айырылған отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілді 
Жаңатаста бес баласынан айырылған отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілді 
249
оқылды
Жаңатас қаласында бес баласынан айырылған отбасыға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтер  берілді.  Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қара жамылып отырған жанұяға Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан  жан-жақты қолдау көрсетілсе, жергілікті билік балаларды жерлеу рәсімін толықтай мойнына алған. Сарысу ауданының кәсіпкерлері болса, отбасына берілген үш бөлмелі үйді қажетті жиһазбен жабдықтап беріп отыр. Игі істен қоғамдық ұйымдар мен демеушілер де шет қалмай, бүгінгі күнге дейін 3 миллион теңге жинап, отбасына тапсырды. Ал мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болып шешілді.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы