Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды
Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды
5,166
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды,– деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Ақбұлақ және Ақсуат ауылдарының орта тұсында болды. Оқиға орнына трассалық-медициналық құтқару бекеті және Ілбішін дәрігерлік амбулаториясының бригадасы барды. Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам зардап шекті. Бір адам көз жұмса, екіншісінің жағдайы ауыр. Белгілі болғандай, көліктердің бірі «DAF» маркалы жүк көлігі болса, екіншісі «Тойота Альфард».