«Картаға аудара салудың» қиындайтын түрі бар
«Картаға аудара салудың» қиындайтын түрі бар
151
оқылды

«Картамен төлеуге бола ма?» деген сұраққа «Kaspi Gold-қа жібере сал» деген жауапты жиі естиміз. Қанша жерден кә­­­­сіпкердің қолында арнайы аппарат болуы керегін білсек те, талап ете бермейміз. Тіпті, кейде қолма-қол ақша жоғына қы­­сылып, бірден «Gold бар ғой?» дейтін болдық. Әсіресе, такси не шағын дүкендер төлемнің осы түріне үйреніп алған. Шағын кәсіп иелерінің мұндай «бейбіт» заманы жақында аяқталуы мүмкін. Себебі картадан картаға түсетін ауда­­­рым­­дарды мемлекет бақылауына алу туралы ұсыныс жа­­салды. Қабылданған жағдайда, ісін дөңгелетіп, табыс тауып отыр­ғандар салық төлеуге міндеттеледі.

Салық салудағы мақсат қандай?

Мемлекеттік кірістер коми­те­­тінің төрағасы Марат Сұлтан­­­ғазиев сөйлейді. Сөйлегенде бүй деді: «Бүгінде банктердің мобайл сер­­вистері қолма-қол ақшаның орны­­на қолма-қол ақшасыз түріне ауы­суға ықпал етті. Жеке тұлғалар ара­­­­­­­­сындағы аударымдарға ар­­­нал­­­ған сервистерді қазір кәсіп­­­керлік жолда да қолдану кең та­­­­­ралды. Бұл болса, кәсіпкерлердің шын та­­­­бысын жасыруға жол ашады. Бұл ретте тауар, қызмет немесе жұ­­­мысы үшін кәсіпкерлерге түс­­кен ақшалай ау­­­­­­дарымдарды фис­калдау туралы ай­­­тып отырмыз. Жеке тұл­ғалардың жеке ау­дарым­­дарына еш­кім тиіс­пейді. Салық та са­­­­лынбайды». Жеке тұлғалардың аударым­­­дарында мемлекеттің шаруасы жоқ делік. Әлбетте, солай болуға тиіс. Өйткені банк құпиясы тура­лы заң бар. Соған сәйкес, қазақ­­стан­­­­­дық­тардың есеп­­­­шоттары ту­ралы ақ­парат қорғалған. Оған бас сұғуға тек тергеу жүргізіліп, сот ше­шімі қолда болса ғана рұқсат. Ендеше әу баста карта жеке тұлға үшін ашыл­ған болса, оның кә­­сіпкерлік қыз­мет көрсететінін не көрсет­­­­пей­тінін қалай біледі?  Мемлекеттік кірістер коми­­­тетінің бұл процесті қалай жүзеге асыруды жоспарлап отыр­ғанын айтайық. Қаржы минис­трлігі аталған ау­­­­­­­­­да­­рымдарды бөлу және фискалдау бойынша бірнеше шешім ой­­­лас­­­тырған. Марат Сұл­­­тан­­­ғазиевтің сөзіне сүйенсек, Қа­­зақстанның қар­­жыгерлер қауым­­дастығы және қызы­ғу­шылық та­нытқан мемле­­кеттік орган­дар­мен арада талқылау бо­­­­лыпты. Яғни, ұсынып отырған ше­­­­­шімнің бірі мынадай: кәсіп­керлік қызмет үшін арнайы есеп­­шот ашу. Жүзеге асырылған қыз­­мет пен тауардан түскен табыс топ етіп әлгі шотқа түсіп тұрады. Сол арқылы ау­­дарымдар тексеріліп отырады. «Біз тәуекелдерді басқа­­ру жүйесін жасауды ұсынып отыр­­мыз. Сол арқылы кәсіпкер­­­лікпен айна­лысатынын білдіретін белгі­­­лерді максимал ықтималмен анық­­­­тар едік. Мәселен, үлестес тұл­­­ға­лардан емес, басқалардан белгілі бір уақыт ішінде, күн, апта немесе ай аралығында ақша түсіп тұрған болса. Егер жеке тұлғаның есеп­­шотына әртүрлі көлемде қаражат жиі түсіп тұрса, ол оның кәсіп­­керлікпен айналысатынын білдіруі мүмкін. Міне, сондай тұл­ғалар біз­дің назарға ілінеді», – дейді Сұлтанғазиев.

Кәсіпкерлер тұншығып қалмай ма?

Бұл тақырыптың шеті шық­­­­­қаны бүгін ғана емес. 2019 жылы Қаржы министрлігі ұсыныс тас­­­таған. Бірақ сол сәтте қолдау тап­­­пай, керісінше наразылық кү­­­шейіп, күнтізбедегі мәселе қата­­­рынан сызылған болатын. Бүгінде қайта айналып келіп отыр. Мем­­­лекеттік кірістер комитетінің де­­регінше, банктер қазіргі таңда қажетті жүйені ойластыруға кі­­рісіп кеткен. Тағы бір қосып кете­­­тін жайт, шағын бизнес субъек­­­тілері 2023 жылға дейін салықтан бо­­сатылған. Демек, алдағы екі жыл үшін кәсіпкерлер алаңдамаса бо­лады. Сәйкесінше, кәсібін де дөңгелетіп алуға уақыт бар-мыс. карта Ел ішінде 2019 жылы да қызу талқыланған тақырыптың бұл жо­лы да қарқыны басылған жоқ. Біз хабарласқан сарапшылар атал­­­­­ған ұсынысқа қарсылық білдіріп жа­тыр. Экономист Мақсат Халық жиі аударым түсіп тұратын «кү­­­­мәнді» адамдарды айқындап, ес­­­кертпе жасаумен шектелген дұрыс дейді. «Осыған дейін де қаржы аударым­дарын бақылау туралы ұсыныс жасалғанда, бұл процеске Пре­­зидент Тоқаевтың өзі арала­­­сып, тоқтатқан болатын. Менің­­ше, әзір­ге кәсіпкерлерге тиісудің кере­гі жоқ. Онлайн аударымдарға салық салуға әлі ерте. Бірақ ай­­­­­­қындау процесін жүзеге асыра бе­­ру­­­­ге болады деп есептеймін. Яғни, кім лимиттен асырып ау­­­дарып, салықтан жалтарып жа­тыр — мұның тізімін жасай беру керек. Сөйтіп, оларға ескертпе хабарландыру жіберудің өзі жетіп жатыр. Соның өзі азаматтардың аударымдарды таза жасауына итермелейді. Неліктен ерте дей­­­­мін? Себебі салық салу арқылы осы процедураның өзін тоқтатып қоюымыз мүмкін. Көп азамат қай­­­тадан қолма-қол ақшаға көшуі де ғажап емес. Оның зияны сол — көлеңкелі экономиканы одан әрі ұлғайтып аламыз. Ресми дерек бойынша, оның көлемі ЖІӨ-нің 30 пайызына тең екен. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойын­­ша 70 трлн теңгеміз болса, оның 21 трлн теңге көлеңкеде де­ген сөз. Қайта осы банк ауда­рым­дары қаражатты жарыққа шыға­­рып жатыр. Мұндай құралға салық салу арқылы бөгет жасауға бол­­майды. Бұл тақырыпты жұрт жап­пай онлайнға көшкенде ғана қол­­ға алғанымыз жөн», – дейді сарапшы. Әріптесінің пікірін қаржыгер Мұрат Темірханов та қолдады. Оның айтуынша, мемлекет қол­­­ма-қол ақшасыз аударым жүйесі мен шағын кәсіп иелерін тұншық­­­тырудың орнына, көлемдірек мә­­­­­­­­­селелермен айналысқаны жөн. «Өз басым түбегейлі қарсымын. Қол­­ма-қол ақшасыз аударым­­дарды арттыруымыз керек. Өйт­­кені мұн­­­да ашықтық басым. Қол­ма-қол ақ­­­­­­­шаның зияны бұдан бір­неше есе көп. Ірі бизнес иелері, ЖШС, ЖК-лерге салынатын са­­­­лықты жолға қоюдың орнына, шағын кәсіпке көз салып ақы­­­­­­мақтық жасағалы отыр. Одан қай­­­та салық жеңілдігін реттегендері жөн. Тоқаевтың өзі бір сөзінде «4,5 триллион теңгеден асатын 277 жеңілдік түрі бар» деген еді. Мы­­­салы, металлургияны алып қа­­­райық. Ірі компаниялар, ха­­лық­­­­аралық нарықта жұмыс істейді. Қарап отырсақ, соларға жеңілдік жасалады. Міне, сондықтан бұл идеяға қарсымын», – деп сөзін түйіндеді Темірханов.

Шикіліктің «исі» шығып тұрғандай…

Жангелді Сүлейменов әлеу­­­­­­­­­мет­­­­­тік желідегі парақшасына мо­­­байл аударымдарға салық салудың заң­­­сыз екенін айтып, жазба жа­­­­рия­­ла­­ды. «Түптің түбінде салық біздің қал­­­таға салмақ салуы мүм­­кін. Се­­­бебі кәсіпкерлер салықты жабу үшін бағаны өсіреді. Салық кодек­сінде кәсіпкерлер табысына қа­­­тыс­­­­ты екі түрлі салық қарас­­­­­­ты­­­рыл­­ған: корпоративтік табыс са­­­лығы және жеке табыс салығы. Табысқа салы­­­­натын салықты есеп­­­­теу оп-оңай. ЖК 1 000 теңгеге тауар алып, оны 1200 теңгеге сат­­ты. Тауардың басқа да шығын­­­дарына – 50 теңге, яғни жалға алу, коммуналдық тө­­лем жә­не т.б. Сон­да 1 200-1 000-50=150 тең­ге. Міне, осы сомадан салық ұс­­­та­­лады. Ал жеке табыс салығы жал­­­пыға бірдей, 10 пайыз ұсталады. Сонда 150 теңгеден 10 пайызы – 15 теңге. Бұл енді қазіргі жүйе. Қар­­­жы министрлігінің көз­дегені не? ЖК тауарды сатып, оның ақы­­­сын мо­­байл аударым ар­­қылы ал­­­ды. Ми­нистрлік ау­­­дарым сома­­сына түгел салық сал­­мақшы. Егер 1 пайыз болса, 12 тең­ге. Ал енді 3 не 5 пайыз болса ше? Сонда қо­­­­сарлы салық салу болады. Бірін­­­­шісі – табы­сынан, екіншісі – аударым үшін. Тауар бір-ақ рет сатыл­­­ғанымен, оған салық екі рет са­­­лынды деген сөз», – деп жілік­теп бер­ді заңгер жазба­­сында.

Жадыра АҚҚАЙЫР