Қашаған газ өңдеу зауыты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Қашаған газ өңдеу зауыты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
214
оқылды

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша қазақстандық жеке компания мен Қытай компаниясы арасында жасалған шарт туралы БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта осы жоба бойынша барлық мәселе қаралу сатысында,   ешқандай уағдаластық және келісімшарттар жасалған жоқ», – делінен хабарламада.

Министрлік дерегінше, Ұлттық экономика (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған – ред.) мен Энергетика министрлігінің үйлестіруімен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлы газдың қосымша көлемін ғана алмайды, сонымен қатар Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндіруге шектеуді алып тастайды.  

Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.