23 ақпанда сағат 07.30-да қар, бораннан жол көрінбейтін болған соң, үш облыста барлық көлік қозғалысы шектелген.
Қостанай облысы бойынша жабық тасжолдар:
Қостанай - Әулиекөл-Сурган, Қостанайдан Ақмола облысы шекарасына дейін;
Денисовка-Жетіқара-Мұқтыкөл-РФ шекарасы, Жетіқара кентінен РФ шекарасына дейін;
Денисовка-Аршалы-Комаровка, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін;
Жетіқара кентінен Чайковский кентіне дейін;
Мариновка селосын 0-ден 9 шақырымға дейін.
Қарағанды облысы бойынша жабық тасжолдар:
Жезқазған-Петропавл, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейін.
Ақмола облысы бойынша жабық тасжолдар:
Жақсы-Есіл-Бұзылық, Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Қостанай облысы шекарасынан Сұрған кентіне дейін;
Жезқазған-Петропавл, Қостанай облысы шекарасынан СҚО шекарасына дейін;
Екатеринбург-Алматы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейін.