Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында биыл Алматы мемлекеттік қорығы аумағында қар барысы бейнекамераға түсіп қалған деп жазды.
Бейнежазбадан үш қар барысының жүргенін көруге болады.Оның айтуынша, Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері қорық аумағындағы жануарларды тіркеу үшін арнайы камералар орнатқан.
Ілбістің суретке түсіп қалуы биыл бірінші рет тіркеліпті. Соңғы рет мұндай фото былтыр қарашада жарияланған.
Мамандардың айтуынша, жануарлар ешқандай қауіп болмаса ғана осылай емін-еркін жүреді.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 130-150 барыс мекен етеді.