Өткен жылдың есебін тыңдады
Өткен жылдың есебін тыңдады
185
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Шараға Шымкент қаласы әкімі­нің орынбасары Мақсұт Исахов, «Nur Otan» партиясы қа­лалық фи­лиа­лы төрағасының бі­рінші орын­басары Жанар Бектаева қатысты. Жиында «Шымкент қайырым­ды қала» әлеуметтік даму корпора­тив­тік қорының директоры Дәуренбек Құрбаниязовтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойын­ша есебі тыңдалып, биылғы жос­парлары нақтыланды. Айта кетейік, «Nur Otan» пар­тия­сының Шымкент қалалық фи­лиалы «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорымен ынтымақтастық пен серік­тестік жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Меморандумның басты мақсаты – партияның «Ба­қытты отбасы», «Кедергісіз келе­шек» және «Ардагерлерді ардақ­тайық» жобалары аясында әлеу­меттік мәселелері негізінде қоғам өмірін жақсарту.

Әбілмансұр ЖАСАН