Онлайн қабылдау өткізді
Онлайн қабылдау өткізді
183
оқылды

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өңір тұрғындарына жергілікті билік органдарының өкілдерімен тілдесуге, олардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік береді. Билік өкілдері қабылдау бөлмесінде халықпен байланыс орнатып, олардың талап-тілегін, өтінішін тыңдап, әр мәселені бақылауда ұстайды.  Осы мақсатта Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов та  онлайн режимде азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс әкімінің орынба­сарына Юрий Дубовицкий мен Марат Асылханов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы мұражайын облыс мұражайының үй-жайла­рын­да орналастыру мәселесі бо­йынша өтінішін айтты. Сондай-ақ өтініш иелері Қарабай ауылындағы мал жаю мәселелері жөнінде де бірқатар ұсынысын жеткізді. Қабылдау барысында тиісті тап­сырмалар мемлекеттік ор­ган­дардың өкілдеріне берілді. Аза­маттарды қабылдау қорытындысы бойынша барлық сұраққа дәлелді жауап беріліп, одан әрі қарауды та­лап ететін сұрақтар Асаин Байха­нов­тың жеке бақылауына алынды.

Әбілмансұр ЖАСАН