24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
114
оқылды

Өңірлерде боран соғып, солтүстікте қалың қар жауады. Оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек қана батыста антициклон ықпалымен күн райы ашық болады. Кейбір аймақта тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Оңтүстікте және солтүстікте жел жылдамдығы 30 м/с болады. Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, 30 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады. Жел түнде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с асуы мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі, боран соғады, желдің күші түнде 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қарағанды облысында күндіз жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар облысында көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу боран соғуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с, боранда екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу боран соғады. Ақтөбе облысында жел екпіні 23 м/с жетеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.