Ауа райына байланысты астанадан шығатын жолдың бәрі жабылды
Ауа райына байланысты астанадан шығатын жолдың бәрі жабылды
487
оқылды

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдардың барлығына шектеу қойылды.

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облысында да осындай шектеу бар.

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау Шідерті», «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр Киевка-Теміртау» сияқты бағыттарға көліктер жіберілмейді.

Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда да қозғалысқа тыйым салынған.

Жолдағы өзгерістер туралы «Қазавтожолдың» ресми сайтынан анық-қанығын білуге болады.