Нұр-Сұлтанда оқушы сыныптасын пышақтап тастады
Нұр-Сұлтанда оқушы сыныптасын пышақтап тастады
5,106
оқылды

Елорда мектептерінің бірінде 10 сынып оқушылары төбелескен, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

«16 қаңтарда қала мектептерінің бірінде 10-сыныптың оқушылары бір-бірімен төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастаған. Төбелес кезінде пышақ жұмсаған бала да өз қолын жарақаттап алған», – делінген хабарламада.

Оқиғаны көріп қалған куәгер бірден полиция шақырған.

«Оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды полиция.