Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, биыл 1 ақпанда БЖЗҚ 167 423 адамға төлем жасады.
Жалпы сома 73,8 миллиард теңге. 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдары аударды.
Оның ішінде:
– біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 млрд. теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 млрд. теңге;
– зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 млрд. теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 млрд. теңге;
– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 2,1 млрд. теңге;
– жерлеуге берілетін төлемдер – 0,4 млрд. теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд. теңге.
«Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 25 886 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 522 610 теңге болды», – деп жазады "Қазақпарат".