Пандемияның зардабын ерлерге қарағанда әйелдер көп тартты
Пандемияның зардабын ерлерге қарағанда әйелдер көп тартты
113
оқылды

Соңғы бірнеше онжылдықта әлем елдерінің көшбасшылары экономика болсын, әлеуметтік сала болсын, өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке және тең құқыққа қол жеткізуге тырысуда. 2016 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы жарлығы шықты. Бағдарлама 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған.

Тұжырымдаманың мақсатын қысқаша мынадай цифрлармен көрсетуге болады: биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік және корпоративтік секторларда әйелдердің үлесі 2023 жылға қарай – 25%, 2030 жылға қарай 30% құрауға тиіс.
Проблема үй шаруашылығындағы ақысы төленбейтін жұмыста Пандемияның зардабын ер адамдарға қарағанда әйелдер көбірек тартқандай. Оны неден байқауға болады? Жауабы анық: әйелдердің басым бөлігі жұмыс істейтін қызмет түрлері – көтерме және бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, қызмет көрсету саласы дағдарыстан неғұрлым көбірек  зардап шеккен экономика секторының тізіміне кіреді. Әдетте, әйелдердің табысы ер адамдарға қарағанда төмен. Несие бойынша міндеттемелер қызмет көрсету тәуекелдері де артты, әйелдердің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы байқалды. Пандемия кезінде мектептер мен балабақшалардың жабылуына байланысты мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалары бар көптеген әйелдердің жұмыс пен үй шаурашылығын қатар алып жүру мүмкіндігі болмады. Осыдан барып әйелдер табысынан да айырылды. «Әйелдердің айтарлықтай әлсіз болуына ықпал ететін басты фактор – пандемия уақытында үй шаруашылығындағы ақысы төленбейтін еңбектің және күтіп-баптау жұмысының күрт өсуі. Үйдегі балалардың, қарттар мен ауырып қалған адамдардың күтімін қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші мен мемлекет қолдау көрсетуі тиіс», – деп санайды Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының директоры Майгүл Нұғыманова. Нұғыманова «БҰҰ - әйелдер» жобасы шеңберінде Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының (GERC)  үй шаруашылығындағы ақысы төленбейтін еңбек туралы сауалнама жүргізгенін айтып, зерттеудегі қызықты фактілерді көрсетті. Корпоративтік әлемдегі әйелдер Қазақстанда әйелдердің іскерлік қызметке араласу деңгейі жоғары. Дүниежүзілік банктің «Women, Business, Law Index Scores» индексіне сәйкес 2019 жылы Қазақстан 100-ден 75 балл жинады. Мысалы, еліміз дәстүрлі түрде корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарын іске асыру мәселелерінде көш бастап тұр. «Қаржы секторында шешімдер қабылдауға қатысатын әйелдер деңгейі бүгінгі күні айтарлықтай жоғары, әсіресе олар басқа салалармен салыстырғанда жоғары. Мәселен, 26 банктің 10-нда басқарма төрағалары – әйелдер, 26 сақтандыру секторының тоғызын, 12 брокерлік компанияның үшеуін әйелдер басқарады. Бұл жағымды көрсеткіш, алайда әлі де көрсеткішті жақсарта беру керек», – дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков. Оның ойынша, қаржы ұйымдары басшы қызметкерлер лауазымына әйелдерді көбірек тартуы қажет, себебі бұл сектор – әдетте  басқа салалар үшін үлгі болатын және корпоративтік басқаруда, көрсетілетін қызметтер сапасында және диджиталдандыруда жаңалық енгізетін сала. Әйелдердің басшы лауазымдарды атқаруы компанияларда инновациялардың дамуына ықпал ететіндігі атап өтілді. Сонымен бірге бүкіл жұмыс күшінің гендерлік алуандығы технологиялық жаңалықтармен салыстырғанда технологиялық емес инновациялардың сәтті болуына және енгізілу ықтималдығына жағымды әсер етеді. Қаржы реттеушісінің бірінші орынбасары McKinsey зерттеулерін мысалға келтірді. Егер әйелдер экономикаға ер адамдармен тең қатысса, бұл әлемдік жылдық ІЖӨ-ді 2025 жылға қарай 12–28 трлн доллар не 11–26% қосатынын көрсетті. Бұл 2025 жылға қарай Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ІЖӨ-нің 9%-ға және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде ІЖӨ-нің 11%-ға өсуін білдірген болар еді. Әйелдердің директорлар кеңесіндегі үлесі бойынша рейтингте Норвегия (41%), Франция (37,2%) және Швеция (33,3%) сияқты елдер көш бастап тұр. Рейтингтің соңында Оңтүстік Корея (2,4%), Сауд Арабиясы (0,7%) және Катар (0,6%). Қазақстан (7,4%) өз көрсеткіші бойынша Чили (7,7%) мен Мексиканың (6,5%) ортасында,  бұл 42-ші орын. Ресей (8,5%)  39-орында, Қытай (10,6%) 34-орында. Қазақстанда Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес биліктің атқарушы, сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі – 2020 жылға қарай – 22%, 2023 жылға қарай – 25%, 2030 жылға қарай – 30% құрауы тиіс. Қазақстанда әйелдердің директорлар кеңесіндегі үлесін 22%-дық көрсеткішке жеткізу үшін 14,6%-ға өсу қажет. Тұтастай алғанда 49 ел бойынша әйелдердің директорлар кеңесіндегі үлесі екі жылда 1,9%-ға өсті, 2016 жылдың деректері бойынша үлестің алдыңғы көрсеткіші 15% болды. 6%-дан асатын қомақты өсу  Германия, Оңтүстік Африка, Финляндия және Малайзия сияқты көп күш жұмсаған елдерде байқалды. Егер Қазақстандағы өсім әлемдегі орташа өсім деңгейінде, шамамен жылына 1% болса, 22% көрсеткішіне жету үшін елімізге шамамен 15 жыл және 30%-ға жету үшін 20 жылдан аса уақыт қажет. Мұндай көрсеткішпен тиісті межеге біз тек 2036 және 2041 жылдары жете аламыз. Айта кетерлігі, Қазақстанда Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің әйелдердің экономикаға қатысуы үшін құрылымдық кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалог арқылы құқықтық реформалар жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстан билігі 2018 жылғы тамызда әйелдер үшін тыйым салынған 287 жұмыс орнынан 100 жұмыс орнын алып тастады.
Қазақстан әйелдерінің бизнес жүргізудегі рөлін ерекше атап өту қажет. Мәселен, бизнестің 43%-ын әйелдер басқарады, жұмыс істеп тұрған 1,2 млн ШОБ-тың 536 мыңын әйелдер басқарады. Ал бұл бүкіл жұмыс орнының 31%-ы.
  • ерлерге қарағанда әйелдер депозитті екі есе көп ашады: депозиттердің 62% – әйелдер, 38% ер адамдар ашады. Алайда, ер адамдар, әдетте, әйелдерге қарағанда депозиттерді үлкен сомаға ашады, бұл әйелдер кірісінің төмен екенін білдіреді;
  • әйелдер ер адамдарға қарағанда жиірек кредит алады: әйелдер алған тұтынушылық кредиттер үлесі – 55%, ер адамдарда – 45%, алайда тұтынушылық кредиттер сомасы әйелдерге қарағанда ерлерде жоғары (жалпы соманың 53%-ы ер адамдардікі, 47%-ы әйелдердікі);
  • мерзімі өткен (90 күннен аса) кредиттер саны әйелдерде ер адамдарға қарағанда сомасы бойынша да (әйелдер - 42% және ерлер - 58%), саны бойынша да (әйелдер - 45% және ерлер - 55%) аз;
  • мемлекеттік кредиттік бағдарламалар бойынша берілетін өнімдерді әйелдер көбірек пайдаланады – 57%-ы, ал ерлер - 43%.
     

Мурзанова Аружан Айтжанқызы.