Бұл туралы «Қазавтожолдың» Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.
«Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлады. Қатты жел, бұрқасын соғып тұр. Сондықтан республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығында көліктің барлық қозғалысына шектеу қойылады. Бұл Арал қаласының шекарасынан бастап Ақтөбе облысына дейінгі аралықты қамтиды», – делінген хабарламада.