Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент
Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент
342
оқылды

«Кәсіпкер жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның жартысын қайтарады. Бұл барлығы үшін тиімді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тұрғын үй мәселесі азаматтарымыз үшін әлі де өзекті. Былтыр тұрғын үй құрылысының көлемі 11,2 процентке өсті. Жақсы көрсеткіш болғанымен, өңірлерде ахуал әрқилы. Бұған дейін Президент жастарды баспанамен қамту мәселесіне қатысты тапсырма берген болатын.