Солтүстік Қазақстан облысында карантин шектеулері жеңілдетілді.
СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігер Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысына сәйкес, енді мешіттерде бес мезгіл намаз оқуға рұқсат етілді. Ескеретін жайт, сыйымдылығын 30 %-дан, келушілер санын 100-ден асырмау қажет. Ал жұма намазын тек ауылдық жерлерде ғана, адам санын 30-дан асырмай өткізуге болады. Мәдени нысандардың жұмысына рұқсат берілді, алайда топтағы адам саны 50-ден аспауы қажет. Кітапхана, музейлер ашылады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Түрлі базарлар жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ашылады. Бірақ сауда орындары келушілер санын 30 %-дан асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалауы қажет. Балаларға арналған түрлі орталықтардың, кабинеттердің жұмысы жанданады.
Бассейндерде жеке адаммен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қоғамдық моншалар, сауналар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін адам санын 50-ден асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалай отырып жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындарына сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни келушілердің санын асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ұжымдық, көңіл көтеру іс-шараларын өткізуге әлі де тыйым бар. Театрлар сағат 9.00-ден 24.00-ге ашылады. Келушілер санын 30%-дан асырмау керек