Аралас жекпе-жекті көрсететін UFC TV іске қосылды
Аралас жекпе-жекті көрсететін UFC TV іске қосылды
5,122
оқылды

Бүгіннен бастап елімізде UFC TV жаңа телеарнасы іске қосылды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Қазақстанда UFC TV телеарнасының іске қосылғанын және UFC ірі турнирлері Qazsport-та көрсетілмек. Жалпы, Қазақстанның жауынгерлік спорттық ойындарда алатын орны ерекше. Жауынгерлік өнер мен бокс әрдайым танымалдыққа ие, әрі қызығушылық жоғары. Қазақ елінің мықты спортшылары да бар. Сондықтан UFC үшін Қазақстан басымдыққа ие елдердің бірі саналады», – ­ деді UFC вице-президенті Андрей Громковский.

UFC TV телеарнасы Ultimate fight championship немесе UFC ұйымдастыратын жекпе-жектерді көрсетеді.

Жалпы, UFC турнирлерді бір миллиардтан астам тұрғыны бар әлемнің 166 еліне 35 тілде таралады. Бұған енді Қазақстан да қосылып отыр.