814 млн теңге: Алматы әкімдігі қателігін мойындады
814 млн теңге: Алматы әкімдігі қателігін мойындады
133
оқылды

Кеше Zertteu Research Institute қоғамдық қорының Faсebook-тегі парақшасында жарияланған 814 миллион теңге туралы ақпаратты жазған болатынбыз.

Онда Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы биыл «Блогерлердің үлкен шоуы» атты жас блогерлер мен вайнерлер слетін өткізуге 814 млн 642 мың теңге жоспарлап отырғаны айтылды. Айта кетейік, қор өз жазбасында Мемлекеттік сатып алу порталына сілтеме жасаған. https://v3bl.goszakup.gov.kz/…/s…/2020/10505/344883/29774874

Әлеуметтік желіде талқыға түскен тақырыпқа орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы түсініктеме беріпті. Ол жайында Zertteu Research Institute қоғамдық қорының Faсebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Құрметті жазылушылар! Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов басқарма қызметкерлері «Блогерлердің үлкен шоуы» лоты бойынш сатып алу жоспарын енгізу кезінде қате жазып жібергенін мәлімдеді.

Адам факторы себебінен сатып алу шарасының негізгі сомасы - 14 642 857 теңгенің алдына байқамай 8 саны қойылып кеткен.

Қазір мемлекеттік сатып алу порталында «Блогерлердің үлкен шоуы» лоты бойынша ақпарат жаңартылып жатыр.

Ренат Бекбергенов мырза қоғамның белсенді мүшелері мен «Zertteu research institute» ҚҚ мемлекеттік сатып алу жоспарындағы қатені түзеуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Қате ақпарат бермеу мақсатында алдыңғы постты өшірдік. Қатені уақытында түзетуге сіздердің де үлестеріңіз көп. Белсенді болғандарыңызға алғыс білдіреміз!», – делінген қордың хабарламасында.

 https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/reports/plans_report_admin/show_point/2020/10505/344883/32507479?fbclid=IwAR0ySHMfUpIUdCJSdOp3zrVHx7VtstYxie_ZH5YwClJE98adboiiBe4EcSA

Ренат.jpg