26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
215
оқылды

Қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында боран мен тұман болады.

Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Түркістан облысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облысында боран соғады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, Батыс Қазақстан облысында жел екпіні – 15-20 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Түнде Қостанай, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облысында жел қарқыны – 15-20 м/с. Маңғыстауда көктайғақ, Қарағанды облысында тұман түседі. Түнде Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облысында қатты аяз болады.