Кеше Шымкенттегі жалға берілетін пәтерден әйелдің мәйіті табылды, – деп жазады Otyrar.kz.
Полицияға 1991 жылы туған ер адам 25 ақпан күні сағат 21:30-дар шамасында пәтерде қайтыс болған әйел туралы хабарлаған. Әйелдің жасы шамамен 35-40-та болуы мүмкін.
Дереккөздің жазуынша, полиция шақырған ер адам пәтерде марқұм әйелмен бірге болған. Ол әйелді қылғындырып өлтірген болуы мүмкін.