Есірткі мен ішімдікке салынған ата-ананың баласына кім жауапты?
Есірткі мен ішімдікке салынған ата-ананың баласына кім жауапты?
535
оқылды

«Адамның басы – Алланың добы» демекші, әр пенденің тағдыры бір құдайдың қолында. Кез келген бала әке-шешесінен айырылып, жетімдер үйіне түсуі ықтимал. Сол секілді кез келген ата-ана нәрестесінен көз жазып, қол үзіп қалуы әбден мүмкін. Одан ешкім сақтандырылмаған» дейді SOS балалар ауылының базасында балалар мен отбасыларды қолдау жөніндегі орталықтың әлеуметтік қызметкері Мария Шубина.

[caption id="attachment_114829" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Әр бала жетімдер үйінде емес, өз отбасында өскені дұрыс. Сондықтан олар ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды реинтеграциялау және қиын жағдайға тап болған асырап алушы отбасының мәселесімен айналысады.  Қазір 52 отбасы, оның ішінде 122 бала – олардың бақылауында. 54 адам асырап алушы ата-ана мектебінен өтті. Жыл басынан бері ата-ана қамқорлығынан айырылған 5 бала реинтеграцияланды. Яғни, әке-шешесіне қайтарылған. Жалпы, бұл мәселенің шешілуіне барынша қолдау көрсетіп отырған – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. [caption id="attachment_114830" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мария Шубинаның сөзінше, бұл жерге елдің түкпір-түкпірінен көмек сұрап келетіндер көп. Әсіресе, қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен не  көпбалалы отбасылар. Арасында қоғамға бейімделмеген, өздігінен өмір сүре алмайтындар болады. Олар өз мәселесін шешпек түгілі, қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. «Біздің құзырымыздағы дүние болса, мәселесін  шешіп беруден қашпаймыз. Барынша көмектесіп, шешімін табуға тырысамыз» дейді ол. [caption id="attachment_114831" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Міндетімізге кірмейтін мәселемен келетіндер де бастан асады. Мүмкіндігінше қайда баруы керегі, қалай шешуге болатыны жайында жөн-жосығын көрсетеміз. Дегенмен, бізге отбасылық зорлық-зомбылық көріп, күйеуінің соққысынан көз ашпағандар көп келеді. Жақында ғана бір инспектор көшеден әйелді баласымен тауып алыпты. Оның тұратын жері жоқ. Подъезде түнеп жүрген екен. Соны бізге алып келіпті. Бірақ біз дағдарыс орталығы емеспіз, отбасылық жағдайдағы балалар үйіміз. Бізде тұрғызуға мүмкіндік жоқ. Оларды Аналар үйі немесе дағдарыс орталығына хабарласып, оларды сол жаққа жібереміз. Әйеліне күн көрсетпей жүрген азамат ертең осында келіп, жанжал шығарса, өзге балаларға залалы тиюі мүмкін. Уақытша пана беретін – тек Алматыдағы бөлім. Онда да ол бізге қатысты дүние болуы тиіс, – деді Мария Шубина. [caption id="attachment_114832" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Орталыққа келген әр отбасының өзіндік мәселесі бар. Бірінің жұмысы жоқ болса, бірінің құжаты дұрыс реттелмеген болып жатады. Мысалы, Наташа Федотованың жағдайын сөз етуге болады. Ол – көпбалалы ана, бірақ оны растайтын құжаты жоқ.

«Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанымен бүкіл бір отбасы қалада тіркелмеген. Соған байланысты көпбалалы ана ретінде берілетін жәрдемақыдан қағылған. Төртінші баласын қыркүйекте туған, оның жәрдемақысы тағы жоқ. Үйдің асыраушысы тек отағасы. Ол құрылыста жұмыс істейді. Ал қыстыгүні оның жұмысы  тоқтап тұр. Еgov-тың арқасында құжаттар тез реттелді. Ол Қарағандыда тіркелгендіктен, сол жаққа сұрау салдық. Жоғалтып алған екі баласының құжатын қалпына келтірдік. Содан кейін балаға төленетін бір жасқа дейінгі төлемақы түсті. Енді наурыз айынан бастап жәрдемақысы түсуі тиіс. Ал 23 қаңтарда ол көпбалалы ана ретінде тіркелді», – дейді  әлеуметтік қызметкер Ләззат Кереева.

[caption id="attachment_114833" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Төрт баланың үлкені – 6 жаста, кішкентайы – 6 айлық. Қазір үлкені ментальді арифметиканы оқып, мектепке дайындалып жатыр. Екіншісі тілі жәй шыққандықтан, логопедтің қарауында. Щучинскіде дүниеге келген көпбалалы ана балалар үйінде өскен екен. [caption id="attachment_114835" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

– Осы жердегі қыздардың арқасында құжаттарым реттеліп, мәселем шешілді. Тіпті, үй кезегіне тұрдым.  Қазір балалармен үйде отырмын. Оған дейін даяшы да, бармен де болдым, ыдыс та жудым. Бір сөзбен айтқанда, істемеген жұмысым жоқ. Күйеуім өзімнен екі жас үлкен. Екеуміз  балалар үйінде өстік. Бірақ мен келген жылы, ол кәмелеттік жасқа толып, жетімдер үйінен кетті. Жазғы демалыста балалар үйіне келді, екеуміз сол кезде таныстық. Сонда «шыққан соң сені тауып аламын. Сөз салып, қолыңа жүзік тағамын» деген. Табуын тапты, жүзік сыйламаса да, бірге тұрып жатырмыз. Времянканы жалдап отырмыз. Қазір үйден хабар күтіп отырмыз, әзірге белгісіз,  – дейді Наташа Федотова.

[caption id="attachment_114836" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Орталықта төрт әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның әрқайсысы 50 балаға жауап береді. Орташа есеппен алғанда, орталықта жылына 200-дей балаға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар заңгер, психолог, терапевт та бар. Олар әр отбасының жағдайына қарай көмектеседі. Әлеуметтік қызметкердің айтуынша, көмек сұрап келген кез келген отбасының жағдайы алғашқы жеті күн бағаланады. Бұл істі қолға алатын болса, жағдайдың ұсақ-түйегіне дейін бір ай бойы тексеріп, шығу жолын табуға тырысады.

«Арасында ішімдікке салынып, инеге отырған ата-анамен жұмыс істеу процесі қиын. Өйткені кез келген уақытта бала әке-шешенің қамқорлығынан айырылып, жетімдер үйіне түсу қаупі бар. Ол әп-сәтте түбегейлі жойылып кетпейді. Әрқайсысының жағдайына байланысты» деген әлеуметтік қызметкер ондай отбасыны ұзақ уақыт бақылауда ұстайтынын жеткізді.

[caption id="attachment_114840" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Мәселен, ішімдікке салынған әйел балаларынан айырылады. Уақыт өте ол қателігін түсініп, балаларын қайта қайтарып алмақ болды. Біз оған барынша көмектестік. Әлгі ана ішуін қойды, жұмысқа орналасып, тұрмыстық жағдайын жақсартты. Сөйтіп балаларын өзіне қайтарды. Уақыт өте келе әйел қайта ішімдікке салынып, балаларынан айырылды. Негізі ішімдікке, анашаға тәуелді болу – дерт. Одан айығу қиын. Кейде қалаудың өзі аздық етеді. Балаларын қайтарып алған соң, үйінен өрт шықты. Сөйтіп баспанасыз қалды.  Бірден балалар құқығын қорғау ұйымының бақылауына түсті. Кезекке тұрғызып, үйін алып, жұмысқа да тұрды. Бірақ анасы ішуін тоқтатпады. Ондайда қолдан келер шара жоқ. Ешкімді күштей алмаймыз. Ақырында аналық құқығынан айырылды, – дейді  Мария Шубина. [caption id="attachment_114841" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Қызметкердің сөзінше, мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Кез келген жан аяқастынан ата-анасынан, асыраушысынан айырылып қалуы мүмкін. Тіпті тұрмысы жақсы отбасының да көмекке мұқтаж сәті болады. «Тұрмысы да, жағдайы да жақсы отбасы кенеттен асыраушысынан, отағасынан айырылып қалды. Өмірлік сүйенішінен айырылған әйел күйзеліске түсіп, өзін жоғалтады. Сол кезде балалар қараусыз қалды. Сәл болмағанда ана балаларынан айырылар еді.  Біз сақтап қалдық. Оны депрессиядан шығарып, жұмысқа орналастырып, тұрақты жалақы табуына көмектестік. Қазір олардың жағдайы түзеліп, бәрі дұрысталды», – деген М.Шубина мұндай жағдайдан ешкім сақтана алмайтынын ескертті. [caption id="attachment_114842" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Кейде қарапайым жағдайдың өзі ушығып кететіні тағы бар. Ләззат Кереева ішімдік ішіп, есірткі шекпесе де баласынан айырылған жандардың барын айтты. Жақында соның біріне орталық баласын қайтарып алуға көмектесіпті.  width= – Ер азамат ұзақ уақыт бойы ауырып, ем қабылдаған. Соған байланысты  баласы балалар үйіне жіберілген. Жазылып шыққан соң әкесі баласын қайтарып алмақ болады. Оның өзі оңай емес. Мәселе қағазбастылықта емес, психикасына байланысты. Балалар үйінен қайтып келген балаға психолог мән-жайды түсіндіріп, әкесінің  неліктен олай істегенін жеткізеді. Ал мына жақта біз ата-анамен жұмыс істейміз. Сырт көзге ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Бірақ сот барысында ол да маңызды. Мысалы, тоңазытқыштың тамаққа толып тұруы. Не болмаса жатын орын  мен сабақ оқитын жердің бөлек болуы керек. Соған сай қажетті құжаттарды жинақтап, сауатты толтыруға көмектесеміз, – деді ол. [caption id="attachment_114844" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Орталықтың тағы бір бағыты – балалар үйінен бала асырап алған отбасылармен жұмыс істеу. Балалардың жаңа ата-анасымен тіл табысып, үйренісуін бақылайды. Және бала асырап алғысы келетін ата-анамен де жұмыс істейді. Оларға баламен қалай тіл табысу керегін, ата-ана міндеті, жауапкершілігі түсіндіріледі. Ортаға бейімделуі үшін  түрлі мерекелік кеш, отырыс, жиындар  ұйымдастырылады. [caption id="attachment_114847" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Үлкендердің де, балалардың да бір-біріне үйренісіп, тіл табысуы – уақыт еншісінде. Бірде бізге баланы асырап алған отбасы келді. Олар баланы асырап алғанда бұлай қиналатынын білмеген. Шаңырақтарында бала болса, бақыттан басы айналады деп ойлаған. Ойға келген нәрсенің жүзеге аса бермейтіні тағы бар. «Бұлай қиналатынымызды білсек, әу басында-ақ мұндай қадамға бармай, бала асырап алмас едік» деген. Баланың сабағы бар, тәрбиесі бар, қатарынан қалмауы бар, ортаға сіңісуі бар. «Баланың бізбен тұрып жатқанына жарты жылдан асты, бізге бауыр басып кетті» деп бой бермеген. Мамандармен жұмыс істей келе, ата-анасы өз қателігін түсінді. [caption id="attachment_114845" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Әр баланың  мінезі, өз көзқарасы болады. Оған күш көрсетіп, зекіп ештеңе үйрете алмайсың. Бәрін асықпай түсіндіру керек. Өйткені балалар үйіне түскен бала жан жарақатын  алады. Олардың көзін мұң басып, жүрегінде дық қалады. Сондай баланың бірін отбасымен қайта қауыштырдық. Содан бері екі жыл өтті, байланысымыз үзілген жоқ. Хабарласып тұрамыз. Қазір жасөспірімнің  жасы – 14-те. Бала асырап алғысы келетін әке-шеше алдымен ата-ана мектебінен өтуі тиіс. Ол заң жүзінде міндеттелген, – дейді Мария Шубина. [caption id="attachment_114849" align="alignnone" width="1024"]іш ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Түрмеден шыққандар балалар үйіндегі баласын қайта алып жатады. Ол үшін түрмеден берілетін мінездемесі жақсы болуы тиіс. Бостандықта жүрсе де заң органдарының бақылауында болады. Ондағы мінездемесі де жақсы болуы керек. Жұмысқа тұрып, тұрақты табысы болуы тағы бар. Негізі бұл тез бітетін шаруа емес, 2-3 ай қаралады. Оған біз де баға береміз. Кейбірі баланы қолына алған соң, қайта түрмеге түсіп жатады. «Баланың тағдырымен ойнауға болмайды. Оған жауапкершілікпен қарау керек. Біз тек олардың бақытты болуын қалаймыз. Ал бала толыққанды отбасында тәрбие алса ғана бақытты болады» дейді әлеуметтік қызметкер.