Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
143
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралу дерегі төмендегенін ескере отырып, жаңа қаулы қабылдағанын хабарлады. Қала тұрғындары үшін келесі шарттар өзгеріссіз қалады:
  • бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық нысандарда орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Қалалық қоғамдық көлік үшін арнайы кесте белгіленіп, олардың жұмысы штаттық режимде ұйымдастырылады.
Кептеліс уақытында автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік арақашықты міндетті түрде сақтау және бетперде кию керек.
ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақталған жағдайда қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" тelegram-ботпен кезек алу арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу арқылы жүргізу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салу керек. Жеке медицина орталықтары, клиникалар, стоматологиялар жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып қызмет көрсетуге рұқсат беру керек. Әйтсе де меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіруге рұқсат берілді. Одан бөлек сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс күшейтілмек. Сондай-ақ, жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Қаулы мәтінін мына жерден оқуға болады.