"Қазақалтынның" қызметкері өзіне 1,5 миллиард теңге аударып алып, із-түзсіз жоғалып кетті
"Қазақалтынның" қызметкері өзіне 1,5 миллиард теңге аударып алып, із-түзсіз жоғалып кетті
5,145
оқылды
23 ақпанда "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық концерні" АҚ өкілдері полицияға шағым түсірген.  Компания қызметкерлерінің бірі оның есеп-шотынан 1,5 миллиард теңге өзіне аударып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен.  Ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта қаражатты қолды қылған адам іздестірілуде. Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, құтқарушылар және қаржы қылмысымен күресушілеріне Степногорскінің екі түрғыны іздестіріліп жатқаны хабарланды. Мәлімдемеде хабарланғандай,  22 ақпанда "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық концерні" АҚ қаржы бөлімінің 37 жастағы қызметкері 1 533 000 000 теңгені өзіне аударырып алып, кейін жоғалып кеткен. Шағым полицияға келесі күні түскен. Компания қызметкерімен бірге 2007 жылы сотты болған ер адам іздестіріліп жатыр.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 189 бабы бойынша Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне (сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу) бойынша тіркелді. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.