Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
74
оқылды

Алматы облысының полицейлері үш адамның мәйітін 24 ақпан күні таңертең тауып алған. Үшеуі де зорлықпен өлгені расталды. Бұл жайында Polisia.kz жариялады.

Полицейлер қаза болғандардың тұлғасын анықтады. Олардың сөзінше, көз жұмғандардың бәрі ішімдікке әуес болған, бұзақылар екен. Қылмысты жасады деген күдікпен олардың танысы ұсталды.

Сол күні барлығы қосылып, пәтерде ішімдік ішкен. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып, қылмыс құралын лақтырып жіберген.

Бірақ полицейлер оны бір тәулік ішінде іздеп-тапты. Ол қылмысын мойындады. Күдікті бұған дейін бұзақылық үшін істі болған. Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны қазір уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айғақзат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.