Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
203
оқылды

Елімізге Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген көлікті тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазір  тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам көлік есепке қойылған.

Алайда 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз көлігін тіркеуге немесе оларды елден тыс жерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар себеп бар. Атап айтқанда, күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеулердің ұзаққа созылуына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулерінің салдарынан автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындаған. Сондай-ақ кейбір автокөлік иелері, карантинге және аккредиттелген зертханалардың барлық өңірде болмауына байланысты қайта жабдықталған автомобильдерді уақытылы сынақтан өткізе алмаған. Бұл шаралар автокөлік иелері (Армения мен Қазақстанда) екі рет салық төлеп шығындалмас үшін жасалып жатыр. Мемлекеттік органдар ел үкіметімен аталған шешімдерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады.