Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған
Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған
117
оқылды
Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған.Тәртіп сақшылары қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04.00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,– дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.
Олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен. https://youtu.be/tf1FOvrbRAc