Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
5,155
оқылды

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз күн райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Екпінді жел соғады. Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында да күннің райы бұзылып, бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады. Бұл өңірлерде де жел екпіні күшейеді.