Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
204
оқылды

Қарағанды және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты жедел ақпаратты таратты.

28 ақпан сағат 20.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі жолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу енгізілді: 1. «Екатеринбург – Алматы» 1457-1503 шақырымында автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. 2. "Қарағанды қаласына кіреберіс" 0-16 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
"28 ақпан сағат 20.20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Самара – Шымкент» автожолының 776-965-шақырымында Улька – Қарабұтақ ауылдары учаскесінде қоғамдық көлік пен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды", – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.