1 наурызға арналған ауа райы болжамы
1 наурызға арналған ауа райы болжамы
201
оқылды

Солтүстік-батыс циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Шығыста қар жауады. Тек қана оңтүстік-шығыс пен батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні – 23-28 м/с, күндіз көктайғақ болады. Қарағанды облысында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с болуы мүмкін.

Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұман түседі.